Тереңкөл ауданы Ивановка ауылында су жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді. Нысан 500 ден астам халыққа қызмет көрсетеді. Шалғайдағы елдімекен тұрғындары заманауи медициналық қызметтің өз ауылдарына келгеніне қуанышты.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына ауыл тұрғындары жиналды. Бұл әлбетте халықтың көптен күткен қуанышы. Тұтас халыққа, жекелеген адамға ең қажеттісі денсаулық екені белгілі. Енді міне, бірінші байлықты сақтауға мүмкіндік беретін заманауи медицналық нысан жұмысын бастады.

Ауылда бұған дейін кеңейтілген қызмет көрсететін мединалық нысан болмаған. Нысан 500 ден астам адамға қызмет етеді. Оның 100 ден астамы бала. 200 ден астам адам түрлі науқаспен диспансерлік есепте тұр. Медициналық пункт осыншама адамға алдын алу, ерте диагностикалау шараларын жүргізеді.

Алыстағы мекенде ашылған игілікті нысан үшін әлбетте әуелі тұрғындар қуанышты.

Тереңкөл ауданында ауылдарды сапалы медицинамен қамту жолында қарқынды жұмыс атқарылуда. Алдағы жылдарға да жоспар көп.