Павлодар облысында 400 млн теңгенің вейптері тәркіленді. Вейптің негізгі тұтынушылары оқушылар мен студенттер болған. Толығырақ тілшіміз айтсын.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті шылым шекпейтін темекі өнімдерін, электронды тұтыну жүйелерін вейптер, оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады.

Ғалиасқар Қасымов, Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары

Өнімдерді өткізу Telegram мессенджеріндегі үш онлайн-дүкен арқылы курьерлік жеткізу қызметін пайдалану арқылы жүзеге асырылған. Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 млн теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім бірлігі тәркіленді. Қылмыстық жолмен табылған табысты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер банк карталары рәсімделген дропперлерді пайдаланған. Вейптердің негізгі тұтынушылары — мектеп оқушылары мен студенттер болған. Сот санкциясымен қылмыстық табысқа сатып алынған үш автокөлікке («Toyota Land Cruiser», «Toyota Highlander», «Chevrolet Camaro») салынды (қамауға алынды). Жалпы сомасы 37 мон теңгеге дейін. 4 күдікті қамауға алынды.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 19 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен электронды тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға, әкелуге және өндіруге тыйым салынған.

Самал Қалиқызы