Павлодар облысында 200 бала Президенттің атынан сыйлық алды. Шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан, сондай-ақ оқу мен спортта жетістікке жеткен балалар қатысты.

Облыс орталығында «Ғажайыпқа толы жаңа жыл» атауымен өткен Президент шыршасы балаларға ұмытылмас әсер сыйлады. Әсем безендірілген зал, ертегі кейіпкерлері мен көтеріңкі көңіл күй, барлығы да бүлдіршіндерге шаттыққа бөледі. Мемлекет басшысының сыйлықтарын облыс әкімі Асайын Байханов табыс етті.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Баршаңызды ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан өткізіліп жатқан шыршағы қош келдіңіздер. Қымбатты балалар, баршаңызды мемлекет басшысының атынан келе жатқан жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы сіздерге үміт артуда сондықтан үкілі сенімнің шамшырағы болыңыздар. Биыл бәріңіз жақсы оқып, олимпиадаларға қатысып, тамаша нәтеже көрсетіңіздер. Сол үшін сіздерге шынайы алғысымды білдіремін.

Шара барысында балаларға Президенттің құттықтау хаты, кітаптар, жұмсақ ойыншықтар, тәтті сыйлықтар және 150 мың теңгелік ақшалай сертификат табысталды. Бұдан кейін театрландырылған қойылым ұсынылды. Бүлдіршіндер шыршаны айналып жүрді.

Мерекелік шараға оқуда озат, спортта жеңімпаз, өнерде ерекше қабілеті бар, қоғамдық жұмыстарда белсенді жас таланттар қатысты. Бұл олардың жыл бойғы қажырлы еңбегінің лайықты марапаты.

Жасұлан Кенесары, 5-сынып оқушысы

Мен футболмен заниматься етемін. Ауданнан бірінші орын алып, келдім. Мен батыр кейпінде келдім. Көп көп рақмет мені шақырғанына елкаға.

Аружан Құбайдолла, Павлодар қаласы Ә.Бөкейханов атындағы лицей-мектебінің оқушысы

Мен бүгін Президенттің елкасына келдім. Рақмет сіздерге. Ең бірінші біздің Президентімізге рақмет. Сондай-ақ біздің Павлодар қаласының әкімшілігіне рақмет осындай мереке істегені үшін. Жаңа жыл құтты болсын.

Ерасыл Елубаев, Абай Құнанбаев атындағы №2-ші мектептің оқушысы Менің жетістігім облыс чемпионымы гір спортынан. Осы жыл маған өте сәтті өтті. қола жүлдегер болып атандым.

Осылайша, Аяз ата, ақшақар мен ертегі кейіпкерлері балаларды шаттыққа бөледі. Балғындар мерекелік шарадан мол, жағымды әсер алды.

Әйгерім Тоқпанқызы