«Аманат» партиясы Павлодар облыстық филиалы балаларға жаңажылдық кеш ұйымдастырды. Онда мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған балақайлар қатысып, ойыншықтар мен тәтті сыйлықтарға ие болды. Толығырақ тілші сюжетінде.
Шырша, түрлі түсті жарық, Аяз Ата мен Ақшақар кез келген баланың көңілін көтеріп, ертегі әлеміне ертеді. Жаңажыл мерекесі жақындап, соған орай еліміздің кішкентай тұрғындары үшін жер-жерде жаңажылдық ертеңгіліктер өтіп жатыр. Бұл «Аманат» партиясы Павлодар облыстық филиалының ұйымдастырған мерекесі. Оған мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған балалар қатысты.
Ботагөз Исақанова, ата-ана
Бүгін мінеки жаңажылдық іс шара келіп отырмыз. «Аманат» партиясы көмектесіп отырады. Мен немеремді тәрбиелеп отыр. Аманат партиясына алғысыз көп, осындай қағазым жетімін жылатпаған дейді. Алғысым шексіз.
Жаңажылдық мерекеге Павлодар қаласынан 150-ге жуық бала қатысты. Олар шыршаны айналып, ертегі кейіпкерлерімен танысты. Ән айтып, би билейді.
Асылбек Туғанбай, «Аманат» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы
Дәстүр бойынша «Аманат» партиясының ұйымдастыруымен балаларға жаңажылдық шырша ұйымдастырылып жатыр. Мында 150-ге жуық мүгедектігі бар, ата-қамқорлығынсыз қалған балалар сыйлықтар, ойыншықтар табысталады. Негізгі демеуші - « Аза» ЖШс. Бұл дәстүрлі шара жалғасын табады. Әртүрлі мекемеде, деңгейде құттықтаймыз.
Жаңа жылды кішкентай балақайлар таңғажайыпқа сеніп, жылда асыға күтеді. Себебі, бұл мереке үлкендер үшін тәтті естеліктерге толы болса, балалар үшін естен кетпейтін қуаныш.
Самал Қалиқызы