Павлодар қаласының мектептерінде жаңа жылдық ертеңгіліктер басталып кетті. Осындай мерекелік кештердің бірі №43 мектепте өтті. Жалғасы келесі сюжетте.

Мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндер жаңа жылды ерекше шаттықпен қарсы алды. Әсем безендірілген шыршаны айнала билеп, түрлі-түсті ертегі кейіпкерлерінің костюмін киген балалар мерекенің шырайын кіргізді.

Мерекелік шараның басты ерекшелігі – оның ұлттық стильде ұйымдастырылуы. Шыршаға қазақтың ұлттық ою-өрнектері, дәстүрлі элементтер мен заманауи форматтағы ойыншықтар ілініп, кешке ерекше сән берді. Бұл – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеудің бір жолы.

Айнұр Әбилдинова, №43 ЖОББ мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі

Жалпы 2025 жыл біздің мектебіміңз үшін ерекше жыл болды. Көптеген шаралар ұйымдастырылды. 2026 жылда табысты жыл болады деген ойдамыз. Биылғы жаңа жылды қарсы алу шарасы ұлттық стайл форматында өтеді. Ағымдағы жылдың жаңа жыл кеші ерекше өтеді деген ойдамыз.

Мерекенің жоғары деңгейде өтуіне жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар да белсенді атсалысты. Олар сценарий дайындап, сахнаны безендіріп, бүлдіршіндерге нағыз жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Балалардың дайындаған өнерлері де көпшіліктің көңілінен шықты. Оқушылар Аяз ата мен Ақшақарға арнап тақпақтар айтып, би билеп, ән салды. Әрбір номер көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Мұндай шаралар балалардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, ұжымдық бірлікті нығайта түсетіні сөзсіз.

Анна Коптелова, №43 ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Жаңа жыл барлықтарыңызға мықты денсаулық, ашық аспан, бақыт әкелсін. Бұл уақыт біз үшін де, балаларымыз үшін де ерекше. Сондықтан жаңа жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алайық. Келе жатқан жыл бұдан да бақытты сәттерге толы болсын. Қысқы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ұмытпаңыздар, себебі балалар – біздің басты байлығымыз.

Жарқыраған шамдар, балғын күлкі мен ертегі кейіпкерлері тоғысқан кеш – балалық шақтың ең жарқын сәттерінің біріне айналды.

Дильназ Қуанышбекқызы