Осыдан 46 жыл бұрын дәл осы күні Кеңес әскері Ауғанстан жеріне кіргізілді. Он жылға созылған соғыста мыңдаған сарбаз жан қиды. Бүгін Павлодарда ардагерлер қарулас серіктерін еске алып, осындай қаралы күннің қайталанбауын тіледі.

Ауғанстан жеріне он жылдың ішінде 700 мыңнан астам әскер кіргізілген. Оның 1200 і Павлодар облысынан еді. Сұм соғыс ешкімді аямайды. Мыңдаған сарбаз туған жеріне орала алмады. Мыңдаған жауынгер әр түрлі жарақат алды. Бүгінгі бейбіт аспанда күн кешіп жатқан ардагерлер қарулас серіктерінің рухын 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Артынша жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Шара мақсаты жастарды отаншылдыққа, бейбітшілікті қорғауға тәрбиелеу. Ескерткішке қойылған әр тал гүл өткенге деген құрметтің белгісі.