Өңір басшысы Асайын Байханов Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Аймақ басшысы құрылысы толық аяқталғанымен, әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген көпқабатты тұрғын үйлердің мәселесіне ерекше назар аударды. Толығырақ облыс әкімімімен барып қайтқан тілші әңгімесінде.

Ең алдымен Асайын Байхановқа Екібастұз қаласында тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалу барысы таныстырылды. Бұл туралы қала әкімі Аян Бейсекин мәлімдеді. Оның айтуынша, 2023 жылы басталған құрылыс қарқыны алдағы жылдары да жалғасын табады. Ал 2026 жылы бюджет есебінен тағы төрт көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. Сапар барысында өңір басшысы маусым айында құрылысы толық аяқталған үш бес қабатты үйдің не себепті әлі күнге дейін халыққа берілмей отырғанын сұрады.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі

Былтыр күзде келдік. Маусым айында толығымен барлық жұмыстар аяқталды. Бұл жерде үйді тұрғындарға негі тапсырма бермей жатырмыз? Жеңілдетілген несие бойынша уәкіл бар ма?

Белгілі болғандай, аталған тұрғын үйлердің операторы – «Отбасы банк». Бағдарламаға енгізілген өзгерістерге байланысты пәтерлерді беру мерзімі кейінге шегерілген. Банк өкілдерінің айтуынша, келер жылдың бірінші тоқсанында кезекте тұрған азаматтарға пәтер кілттері табысталады. Атап айтар болсақ, қазір Екібастұз қаласында 5 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі

Біздің 5000 ға жуық адам тұр ғой. Олардың бір жарымға жуығы осы кредиттік бағдаралама қатыса алады. Оның ішінде 280 адам. Осы үйлерге тексерістен бәрінен өтті. катволандық жұмыстар жүріп жатыр.

Қаңырап тұрған ғимарат жаңа балабақшаға айналады

Бұдан кейін облыс әкімі 30 жылға жуық уақыт қаңырап бос тұрған бұрынғы балабақша ғимаратын аралады. Қазір нысан қайта жаңғыртылуда. Инклюзивті мекеме ретінде пайдалануға берілмек.

Марина Муншау, мердігер ұйым өкілі

Бұл балабақша ерекше қажеттілігі бар, оның ішінде аутизмі бар балаларға арналған. Сондықтан нысанды мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Тамыз айының соңына дейін жөндеу жұмыстарын тәмамдап, 1 қыркүйекте балабақшаны тапсыруды көздеп отырмыз. Жобаға 1,3 миллиард теңге бөлінді. Ғимарат толық жабдықталып, барлық инженерлік жүйелер жаңартылады.

Жаңару жұмыстары аяқталған соң инклюзивті балабақша 150 баланы қабылдай алады. Бұл – қаладағы ерекше қажеттілігі бар балалар үшін маңызды әлеуметтік жоба болмақ.

Әйгерім Тоқпанқызы