Әрине, салық реформасы – өзекті мә¬селе және бұған қатысты пікірталас¬тар¬дың болуы әбден түсінікті. Дегенмен, ел ішінде дүрбелең туғызып, жұртты дүр-ліктірудің ешқандай жөні жоқ. Мұн¬дай реформа көптеген елде жүргізіліп жатыр, деді мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында. Ал, реформаның негізгі мазмұны қандай? Павлодарлық маманның пікірін тілшіміз тыңдап қайтты.

Президент сөз сөзінде, біздің реформамыз – қатардағы «фис¬калдық науқан» емес, салық жүйе¬сін қайта құру деген сөз. Алдымызда тұр¬ған басты міндет – экономиканың тұрақ¬ты өсімін қамтамасыз ету. Үкіметке ашық әрі ұғынықты Салық кодексін әзір¬леу тапсырылды. Министрлер каби¬неті¬нің бұл тапсырманы қаншалықты та¬бысты орындап шыққанын биыл көре¬тін боламыз деді. Салық кодексі салықтық әкімшелендіруді жаппай жеңілдетуді көздейді. Салық есептілігінің көлемі 30 пайызға қысқарады. Салықтардың саны 20 пайызға азаяды. Бірыңғай жер салығы қысқарды, ал төлемақылар бойынша мөлшерлемелер мен алымдардың саны кеміді.

Арнаулы салық режимдері оңтайландырылды. Енді олар үш жағдайда қолданылады, бұл өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде және шаруа қожалықтары үшін.

Самал Қалиқызы