Маралдыда табылған аққудың сыңары Павлодарское ауылындағы белсенді демалыс орталығының зообағына орналастырылды. Оның қазіргі жағдайы қалай? Тілшіміз айтсын.

Бұл қызыл кітапқа енген - сұңқылдақ аққу. Құсты Шарбақты ауданына қарасты Маралды ауылының тұрғыны тауып алған. Аязды күні ұша алмай жүрген аққу қазір Павлодар ауылындағы зообаққа тапсырылған.

Естеріңізде болса, өткен айда ғана Баянауылдан қос аққу табылып, оны жергілікті тұрғын бағып-қағып кейін зообаққа тапсырған еді. Қазір олар да, жаңадан табылған аққудың сыңары да жаңа ортаға бейімделіп, емін-еркін тіршілік кешіп жатыр. Көктемге дейін арнаулы мамандардың күтімінде болады.

Самал Қалиқызы