Павлодар облысында жедел басқару камералары арқылы 9 адам анықталды. Оның бірі алимент төлеуден жалтарып жүрсе, бірі көшеде келтірілген залалды өтеуден қашып жүрген. Бейнебақылау жүйесінің өзге де тиімді тұтсары анықталуда. Мәселен, көптеген құқықбұзушылықтың алдын-алуда да көшедегі камералардың үлесі бар. Алдағы материалымызда.
Павлодар облысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау және цифрлық бақылау жүйелері тиімді қолданылуда. Қазіргі уақытта облыс аумағында тәулік бойы жұмыс істейтін 67 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған, оның 117-сі — көшелік камералар. 2025 жылы полицияның «102» арнасына 195 мыңнан астам хабарлама келіп түскен. Бейнебақылау камераларының көмегімен 198 қылмыс ашылып, 25 мың құқықбұзушылықтың жолы кесілген. Адамдар көп жиналатын орындарда бейнебақылауы және шұғыл аудиошақыру мүмкіндігі бар SOS-құрылғылар орнатылған. Қазіргі таңда олар Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы 20 нүктеде, сондай-ақ облыс аудандарындағы 9 нүктеде жұмыс істеп тұр. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап жедел басқару камералары арқылы 9 адамның сәйкестігі анықталған. Мәселен, Камзин көшесінде келтірілген залалды өтеуден жалтарып жүрген борышкер ұсталды. Тағы бір жағдайда қаладағы мектептердің бірінде екі кәмелетке толмаған баласына алимент төлемегені үшін іздеуде жүрген әйел адам анықталды.
Самал Қалиқызы