Армия жастарға қолдау көрсетіп, оларды еліміздің нағыз азаматы ретінде тәрбиелеп шығаруы керек. Командирлер әскери қызметшілерге үлгі-өнеге болуға тиіс. Әскерде әлімжеттікке, бұзақылыққа, рушылдыққа, жершілдікке орын жоқ, ондай жайттарға жол берілмейді. Мұның бәрін өзім жеке қадағалап отырамын, деді Президент. Мемлекет басшысы қойған талапты павлодарлық әскери қызметшілер сапалы орындауға дайын. Әскер өмірінің өзіндік тартымдылығы да насихатталуда.
Армияда темірдей тәртіп болуға тиіс. Сарбаздар ант бергенде айтатын «Әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеремін» деген сөзден әскери өмірдің қатаңдығын айқын аңғаруға болады. Шын мәнінде, сарбаз болу – өзіңді дамыту үшін тың мүмкіндіктерге ие болу деген сөз. Әскери борышын өтеп қайтқан жастар жоғары оқу орындары мен колледждерде тегін оқи алады.
Сейтқасым Жандилдаев, 6679 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі бөлімше бастығының аға көмекшісі
Қасым Жомарт Кемелұлы, қазіргі кезде әскерде заң мен тәртіп, яғни заңдылықты сақтап, тәртіппен қызмет атқару. Сонымен қатар, сарбаздарға әскери қызметте оқу орнына грантқа түсу мүмкіндігі қарастырылған. Грантқа оқуға түсе алады.
Әскери қызметтің абырой-беделін көтеру және еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру – мемлекеттің басты басымдығының бірі. Қарулы Күштерімізді технологиялық тұрғыдан жаңғырту жұмысы қарқынды жүргізіле бастады.