Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ұлағатты ұстаз, білім саласының ардагері Төлеген Түсіпұлы Құлтумановтың 85 жылдық мерейтойы тойланды. Кештің негізгі өзегі ғасырлық ғұмырға жуық саналы өмірін жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстазды ұлықтауға арналды.

Төлеген Құлтуманов Павлодар ауданында 20 жылға жуық оқу бөлімін басқарып, жалпы білім саласында 56 жыл табанды еңбек еткен. Ұстаздық жолында талай шәкірт тәрбиелеп, ел болашағына өлшеусіз үлес қосты. Шара барысында мерейтой иесін құттықтауға бірге қызмет еткен әріптестері, шәкірттері мен жақындары жиналды.

Дидар Ибраев, Павлодар ауданының әкімі

Құрметті Төлеген Түсіпұлы бүгінгі мерей тойыңызбен құттықтаймын. Өміріңізді ұрпақ тәрбиелеуге арнап білім саласына қосқан жұмысыныңыз сіңірген еңбегіңіз зор. Осыған дәлел сіздің шәкірттеріңіздің жетістіктері, жерлестеріңіздің құрметі. Осы атқарған еңбегіңіз үшін басымды иемін.

Салтанатты кеш барысында аудан әкімі ардагер ұстазға 85 жылдық мерейтойына орай құттықтау хатын табыстап, иығына шапан жапты. Бар ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған Төлеген атаның өнегелі жолын бүгінде оның шәкірттері лайықты жалғастырып келеді. Бірге қызмет еткен әріптестері де жылы лебіздерін білдірді.

Гүлбарам Науразбаева, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар облыстық ұйымының төрағасы

Бүгінгі сәт ол біріншіден ұлағатты ұстазды ұлықтау. Ақын айтып еді ғой кезінде ғалымда шахтерде бас иетін ұстаз деп. Әрине өмірбаяны туралы айтылды, бірақ адами қасиетінде айтып өткен жөн.40 жылдан бері білемін бұл кісіні.

Еңбек жолында талай белесті кезеңдерді бастан өткерген Төлеген Құлтуманов өзі үшін ерекше есте қалған сәттерімен бөлісті. Ұстаздық жолының бастауында тұрған сол бір оқиға оның бүкіл ғұмырына бағыт-бағдар бергенін айтты. Сонымен қатар, жас буынға деген сенімінің зор екенін де жеткізді.

Төлеген Құлтуманов, ардагер ұстаз, Павлодар ауданының құрметті азаматы

Еске қалған енді көпқой 56 жылда еске қалған 59 жылы Россияның Новосібір ауылында бір мектеп аштым, сонда балаларға 1 жыл сабақ бердім. Осы менің білім саласында еңбек етуіме әсер еткен шығар деп ойлаймын.

Ұстазға көрсетілген құрмет – ұлттың рухани байлығы. Төлеген Құлтумановтың өнегелі өмір жолы мен еліне сіңірген еңбегі жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі болып қала бермек.

Дильназ Қуанышбекқызы