Мемлекет басшысының «Түркістан» газетінде жарияланған сұқбаты жұртшылық арасында үлкен қызығушылық тудырып, кеңінен талқылануда. Мақаланы оқи отырып, облыстық мәслихат депутаттары алға қандай міндеттер қойып отыр? Тілші әңгімесінде.

Мақалада Президент ел дамуының негізгі басымдықтарын атап өтті. Әсіресе, құрғақ деректерден гөрі құндылықтарға негізделген саясаттың маңыздылығына басымдық берілді. Президент қоғаммен ашық әрі шынайы диалог қана жүйелі реформаларды жүзеге асырып, орнықты дамуға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Илья Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы:

Мы каждый год ждём интервью Главы государства, в котором даётся оценка происходящим в стране событиям.. Біз жыл сайын Мемлекет басшысының сұхбатын асыға күтеміз. Өйткені онда елде болып жатқан үдерістерге баға беріліп, негізгі басымдықтар мен алдағы міндеттер айқындалады. Депутаттық корпус ретінде бұл жолы алдағы конституциялық реформаларға ерекше назар аударылғанын байқадық. Сондықтан биылғы жыл осы бағыттағы жұмыстарға толы болмақ. Аталған сұхбат атқарушы және өкілді билік органдары үшін өткен кезеңді саралауға әрі болашақтағы басымдықтарды айқындауға бағыт-бағдар берді.

Сұхбат барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазір сарапшылар тобының қатысуымен елдің негізгі заңын жаңарту жөніндегі ұсыныстар қарастырылып жатқанын жеткізді. Президенттің айтуынша, жоспарланып отырған түзетулердің ауқымы кең болмақ.

Әйгерім Тоқпанқызы