Ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық және облыстық автожолда көліктің барлық құралдарына қозғалысы уақытша шектелді. Жолдар жабылды. Жол қызметтері жүргізушілерді сапардан бас тартуға шақырады.
Жауған қалың қар мен боран салдарынан жолда көріну қашықтығы күрт төмендеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жабылған бағыттарда қозғалысқа бақылау күшейтіліп, көлік құралдарының өтуіне шектеу қойылды.
Әнуар Арынов, павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қоңақтары! Ауа райының нашарлауына және көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты Республикалық маңызы бар 2 автожолда және 7 облыстық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды. «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» (0–263,78 км) Атамекен кентінен Ресей Федерациясының шекарасына дейін. «Астана-Шидерты-Павлодар-Успен- РФ шекарасы» (200-254 км) Шидерты кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін. Ақтоғай – Шолақсор (0–164 км) 2. Ертіс – Ертіс станциясы (0–67,1 км) 3. Ертіс – Пятирыжск (0–6,2 км) 4. Панфилово – Бестюбе (0–75,1 км) Тереңкөл – Михайловка (0–108 км) 6. Ивановка – Трофимовка (0–95 км) 7. Жаңа жұлдыз – Петропавловка (0–35 км).
Мамандар жүргізушілерді сапардан бас тартуға және 112 хабарламасын қадағалауға шақырады.
Сабина Жодаспаева