10 - қаңтар ұлттық ұланның құрылған күні. Елдің ішкі қауіпсіздігін қорғауда аталмыш әскери құрылымға артылып отырған міндет айрықша. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де, қатардағы жауынгерлері де осынау міндетті жоғары деңгейде атқарып келеді. Отан алдында ант берген сарбаздардың бір күндің қызметін біздің түсірілім топ бақылап қайтты. Қиын міндетті қырағы атқарып жүрген сарбаздармен тілдесті.

Ұлттық ұлан сарбаздарының негізгі міндеттерінің бірі - түзету мекемелерін кірпік қапай күзету. Ол үшін сарбаздар тыңғылықты машығып, жауапты қызметті ешқандай мінсіз атқаруға тырысады. Әскери борышының алтыншы айын атқарып жатқан Мұхаметәли Алпыс та бұл қызметтің қыр-сырын жетік меңгеріп үлгерген.

Дінмұхамет Алпыс, 6679 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері

Біз 6679 әскери бөлімінде түзету мекемелерін күзетеміз. Және осы орайда әр сарбазды ұлттық ұлан күнімен құттықтаймын. Әрқайсысының үйлеріне аман-есен қайтуын тілектеспін.

Әскери тәртіп баршасына ортақ болғанымен қызметтері әр түрлі. Әскери бөлімнен шығып, Павлодар қаалсындағы колониялардың біріне келді. Бұл жерде ұлттық ұлан сарбаздарының жауапкершілгі сан батпан. Әрқайсысы сол міндетті ерекше сезініп, абыроймен атқаруға бар біліктерін салады.

Нұрғалым Күмісбек, 6679 әскери бөлімінің взвод командирі

Сарбаздар бақылау бекеттерінде 3 сағаттан қызмет атқарады. Қалған уақытта қарауыл қызметін атқарады. Алдағы уақытта да осы қызметтерді дәл осылай жалғастырамыз.

Қызметті сапалы атқарудың жалғыз жолы тынымсыз жаттығу. Өз ісіңе кәсіби деңгейде дағдылану. Бұл жолда қолға қару ұстауға да тура келеді.

Мұхамедәли Өсербай, 6679 әскери бөлімінің рота командирі

Біздің әскери бөлімнің міндеті қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдардың қашып кетпеуіне жол бермеу. Жауынгерлер қызметті атқару барысында қарумен қызмет атқарады. Екі взводты бағытта қызмет атқарып жатыр сарбаздарымыз.

Әр сарбаздың алдыға қойған мақсаты – ел ішіндегі келеңсіздіктің алдын-алу. Түзету мекемелерін күзету де осы мақсат жолындағы негізгі қызмет. Мұхамтәли Өсербай ұлттық ұлан сапынад 10 жылдан бері осы мақсатқа мінсіз қол жеткізіп келеді.

Мұхамедәли Өсербай, 6679 әскери бөлімінің рота командирі

Өзім ұлттық ұланның қатарында 10 жылдан астам қызмет атқарып келемін. Ұлттық ұланмен әрашан мақтанамын. Ел қорғау ердің міндеті дейді. Ел қорғау үшін әскерге келіп жатқан жас сарбаздарды жауынгерлік қызметке, жауынгерлік даярлық сабақтарына. Бас қолбасшымыз айтқандай осы әр әскери қызметшінің қатаң тәртіпті сақтауы осы тұрғыда сарбаздарды тәртіпке, ер мінезділікке тәрбиелейміз. Отанды қорғауға, отан алдындағы борыштарын аман-есен атқаруға дұрыс бағыт-бағдар беріп жүреміз.

Сарбаздар түзету мекемесіндегі 4 мұнарада кірпік қақпай айналаны күзетіп, осынау жауапты міндетті атқарады. Құрылғанына ұзақ уақыт болмаса да қлттық ұландықтар осылайша отан алдындағы борыштарын табысты атқаруда.