Павлодар облысы бойынша Қаржылық мониторинг департаменті «HAS» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтардың өтініштері негізінде жаңа эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Бұған дейінгі сот үкімі қандай еді? Тергау қандай бағытта жалғасады? Алдағы материалымызда.
Еске салайық, бұған дейін сот «HAS» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларды 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу мақсатында салымшылардың қаражатына сатып алынған, жалпы құны 1,2 млрд теңгеден асатын мүлік соттың шешімімен өндіріп алуға жіберілді.
Ернар Тайжан ҚР ҚМА ресми өкілі
Өндіріп алынған активтердің қатарында 4 пәтер 18 автокөлік 3 жер учаскісі автотұрақ орындары тұрғын емес үй-жай және банк шоттарындағы ақшалай қаражат бар. Сот орындаушылары жәбірленушілерге 300 млн теңге көлемінде төлемдер жүргізді. Қазіргі уақытта жалпы соммасы 821 млн теңгеден асатын залал мен 125тен астам жәбірленушіден арыз түсті. Сонымен қатар, салымшылардың қаражаты есебінен ұйымдастырушы елорда аумағында орналасқан құны 525 млн теңге болатын жер учаскілерімен бірге адам груп жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сатып алынғанын анвқталды.Аталған мүлік оны жасыру мақсатында ұйымдастырушының танысының атына рәсімделген. Сот станциясымен көрсетілген мүлікке тиыс салынды. Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында күдіктілердің әрекеттері қайта сараланып, оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру, қаржылық пирамиданы ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру баптары бойынша айып тағылды.
Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда. Қаржылық мониторинг агенттігі зардап шеккен азаматтарды аумақтық бөлімшелерге арызбен жүгінуге шақырады.
Дильназ Қуанышбекқызы