Православ дініндегі христиандар 7 қаңтар рождество мейрамын тойлайды. Яғни Иса Пайғамбардың туған күні. Христиандардың кітабында дәл осы күні Мәриямның Иса Пайғамбарды дүниеге әкелгендегі айтылады. Бұл күні күнә кешіріліп, реніштер ұмытылады.
Рождество Христово - христинадардың жарқын мерекесі. Сочельникте православтар ақ түстегі киімдерді киім, майшам жағулары қажет. Бұл күндері жаман сөздерді айтып, жаман қылықтарды істеуге болмайды. Рождество түні бал ашып, сәуегейлік жасауға қатаң тыйым салынады.
Протоиерей Алексей Степанов, Павлодар аумағының шіркеу қызметкері
Б ұл мереке православтар үшін өте маңызды. Бұл күні барлық қазақстандықтарды құттықтаймын, жер бетінде, әлемде бейбітшілік, тыныштық болсын. Себебі, Құдай бұл тыныштықты бізге сыйлады, ал оны қабылдау қабылдамау бізге ғана байланысты. Храмдарда кешке мерекелік литургия басталады. Шара түнде аяқталатындықтан, тұрғындар қоғамдық көлікпен қамтамасыз етіледі.
Адамдарға жақсылық тілеп, бірін бірі кешіру – Рождествоның мән мағынасы. Таң сәріден православтар шіркеуге бет алады, шырақ жағады. Жүректердегі арман-тілектерін жеткізеді.
Самал Қалиқызы