Бүгін таңертең Ертіс ауданы, Ертіс ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Пәтерде төрт бала болған. Құтқарушылар келгенге дейін бір бала өздігінен сыртқа шығып үлгерген. Тағы екі бала ауруханада көз жұмды. Ал, бір бала қазір медициналық мекемеде ауыр халде жатыр. Оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Төтенше жағдайлар департаментінің «101» қызметіне өрт туралы хабарлама тәңертен сағат 8,30 түсті. Оқиға орнына келген мамандар тұрғын үйдің толықтай отқа оранғанын анықтады. Үйдің ішіндегі заттар, жиһаз бен шатыр жанып, баспана қою түтінге оранды. Өрт кезінде үйде төрт ағалы-інілі бала болған. 2018 және 2021 жылы туған балалар көз жұмды. 2015 жылы туған бала медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр. Ал 2010 жылы туған бала оқиға орнынан өздігінен шығып үлгерген.

Берік Омаров, Павлодар облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары

Қиын жағдайға қарамастан өрт сөндірушілер алғашқы минуттан бастап зардап шеккендерді іздеуге кірісті. Өрт сөндірушілер үй ішінен үш баланы құтқарып, оларды жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Ал бір бала құтқарушылар келгенге дейін өздігінен сыртқа шығып үлгерген. Өкінішке қарай, екі бала алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Өрт 50 шаршы метр аумақта жойылды. Өрттің себебі анықталуда. ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды есертеді. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Тұрғын үйлерде өрт хабарлағыштарды орнатуға шақырады.