2026 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілген өзгерістер медициналық ұйымдардың жұмысына елеулі ықпал етті. МӘМС пакеті кеңейіп, бұрын тек ақылы негізде көрсетілген қызметтердің бір бөлігі сақтандыру аясында қолжетімді болды. Бұл, ең алдымен, емханаларға жүгінетін пациенттер санының артуына әсер етті.
2026 жылдан бастап МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі артты. Амбулаториялық қабылдаулар, диагностикалық тексерулер мен стационарлық ем түрлері кеңейтіліп, емханалардағы жұмыс қарқыны күшейді.
Аяжан Жұрымбаева, №1 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері
Жалпы 2026 жылы өзгертілген осмс қазақстанадағы медициналық ұйымдар соның ішінде емханалардың жұмысына айтарлықтай әсер етті. ОСМС пакетіне көптеген амбулаториялық, диагностикалық және стационарлық қызметтердің көлемі ұлғайтылды. Және де науқастар қазір созылмалы аурулар бойынша мамандар кеңестерін дәрілік қамтамасыз етулерді арнайы медициналық көмектерді ала алады. Негізіг атап айтатын болсақ көпетген қызметтердің көлемі артты деп айта аламыз. Солардың ішінде созфлмалы аурулар бойынша бақылау монрторинг арнайы мамандардың бақылауы ,диагностикалық зертттеулер, профилактикалық тексерулер мен скринингтер, арнайы профильдік консультацияларға сұраныс артты деп айта аламыз.
МӘМС жүйесіндегі өзгерістер пациенттер үшін де нақты нәтижесін беріп отыр. Әсіресе созылмалы аурумен есепте тұрған азаматтар дәрі-дәрмек пен медициналық көмекті тегін алуға мүмкіндік алды.
Дәмилә Отарбаева, Павлодар қаласының тұрғыны
Мен осы емханада артериялық гипертензия диагнозымен диспансерлік есепте тұрмын. 2026 жылдан бастап мәмс жүйесіндегі өзгерістер аясында дәрі-дәрмектерді тегін алып жүрмін. Бұл мен үшін өте ыңғайлы әрі тиімді.
Мамандар азаматтарға медициналық көмекті толық алу үшін сақтандыру мәртебесін үнемі бақылап отыруды ескертеді. Ол үшін электронды сервистер қолжетімді.
Аяжан Жұрымбаева, №1 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері
Сақтандыру мәртебесін міндетті түрде тексеріп отыру, және қандай қызметтер тегін екенін қағалаңыз. Егов немесе қолдау 24/7 арқылы өз осмсіңізді бақылаңыз. Алдымен учаскелік дәрігерге жүгініңіз. Уақытылы жарна төлеуді ұмытпаңыз.
Айта кетейік, жаңартылған жүйе аясында созылмалы аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылау күшейтілді. Диагностикалық зерттеулерге, скринингтерге және бейінді мамандардың консультацияларына сұраныс артты.
Дильназ Қуанышбекқызы