Халықтың қолдауына ие болса, Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңі басталады. Сырдария бойында өткен Ұлттық Құрылтайдың 5-отырысында Президент осылай деді. Ата заңда еліміздің зайырлы мемлекет екенін әйгілейтін нормаларды сақтап, күшейте түсуіміз қажет» деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек алдағы ауқымды өзгеріске қатысты бастамалар жарияланды.
Алда елімізді Парламенттік реформа күтіп тұр. Қазірге дейін 500 ден астам ұсыныс келіп түсіпті. Мемлекет басшысы әуелі жаңа Парламенттің атауын Құрылтай деп атауды ұсынды. Сонымен қатар Ұлттық құрылтай мен Ассамблея өз миссиясын сәтті аяқтады деді. Оның халық кеңесі құрылып, Бұл Халық кеңесі заң шығару бастамасына ие болсын деген ұсынысын айтты.
Илья Теренченко, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы
Бесінші құрылтайдағы Президент бастамаларынең ең маңызды тұсы халықтың мемлекеттік шешімдерді қабыладуына қатысуын қамтамасыз етеді. Әр азаматтың белсенділігін арттырады. Халық кеңесі, консултативті органдардың құрылуы халықтың тыңдаушы ғана емес, қатысушы болуына мүмкіндік жасайды. Сайланған 145 адам патриялық бағдағламаларын орындайды, өңірден сайланғандар аймақтарының мәселесі шешеді.
Жаңа Парламент мүшелері пропорционалды жүйе арқылы жасақталады. Алайда, аймақтарда можоритарлы жүйені сақтау керек деді мемлекет басшысы. Жаңа Парламентте танымал тұлғалар болмай-ақ қойса деген Президент, әйелдер үлесінің сақталуына мән беру керектігіне тоқталды. Президенттің және Ассамблеяның квотасы болмайды. Алайда, мүмкіндігі шектеулі және әйелдер үлесі сақталады деді.
Құрылтайда біздің облыс үшін маңызды тапсырмалардың бірі айтылды. Үкіметке 20 наурызға дейін көмір өндірісін дамытудың ұлттық жобасын бекітуді тапсырылды. Қара алтынның қоры мол Павлодар облысы үшін бұл ауқымды жоба болары сөзсіз. Сондай-ақ, ұлттық болмыс пен мәдениеттің цифрлық дәуірге лайықты насихатталуы турасында да айтылды. «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру идеясы бұл шаруаны заман талабына сай жүргізуге мүмкіндік береді, - деді Мемлекет басшысы.