Қызылордадағы Ұлттық құрылтай шынымен Қазақстан дамуының бағыт-бағдарын анықтайтын жиын болды. Президент жарты жылға жуық уақыт ішінде келіп түскен ұсыныстарға тоқталды. Сондай-ақ қандай ұсыныстар жұмыс тобында талқыланғанын таныстырды. Жаңа парламентіміз қандай болмақ?

Сонымен, енді парламент атауы «Құрылтай» болып өзгертіледі. Өйткені құрылтай деген төл тамырымыздан хабар беретін атау. Кезінде халқымыз ел үшін маңызды мәселелердің бәрін құрылтай арқылы шешкен. Ал қазіргі Ұлттық құрылтай таратылады. Сонымен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясы да қызметін тоқтатады. Оның орнына Халық кеңесі құрылады. Ассамблеяның өз міндетін орындағаны туралы әңгіме талайдан бері айтылып жүр.

Президенттің баяндаған ұсыныстары бүкіл мәселе жан-жақты талқыланғанын, әбден ойластырылғанын көрсетіп тұр.

Сонымен бұл, құрылтай бұған дейінгі құрылтайдан өзгерек болды. Ауқымы кең. Мағынасы терең.

Самал Қалиқызы