Павлодарда пара алған Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясы облыстық филиалының қызметкерлері сотталды. Оларға ұйымдасқан түрде бопсалау арқылы пара алды дегена айып тағылып, сот үкімі шықты.

Сотта анықталғандай, 2021 жылдың желтоқсан айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры қызметін атқарған ер адам, өзіне бағынышты қызметкерден құны 56 907,89 теңге тұратын кеңсе креслосын сатып алған. Сонымен қатар, ол 2025 жылдың ақпан–сәуір айларында аталған қызметте бола отырып, Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясының бастығымен алдын ала сөз байласып, мердігерді қорқыту арқылы 2,7 млн теңге пара алған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.