Правасав сенімінің негізгі рәсімдерінің бірі Крещение. Бұл күні барша праваслав өкілдері жаппай шомылу рәсімін өткізеді. Қаңтардың аязында шомылу денсаулыққа да аса пайдалы екендігін айтады шомылушылар. Тілшіміз тарқатады.
Жыл сайынғы шомылу рәсімі үшін облыста 14 ойық дайындалды. Бұл күнді асыға күтетін барша қауым аязға қарамастан Ертіс бойындағы арнайы орындарға келуде. Тұрғындар арасында жыл сайын тұрақты түрде щомылатындар көп.
Татьяна Юсупова, Павлодар қаласының тұрғыны
Қасиетті суға шомылып жүргеніме 5 жыл болды. Алғаш рет Иорданияда шомылғанмын. Содан бері әр жыл сайын асыға күтемін. Бұл маған қуаныш сыйлайды. Қуат береді. Көңіл-күйім көтеріледі. Әрине, қорқыныш әрқашан болады. Шомылсам ба, жоқ па деп соңына дейін ойланамын. Алайда, өзімді жеңіп мұздай суға сүңгуді әдетке айналдырдым. Барша праваслв сеніміндегі азаматтарды осынау мекекемен құттықтаймын. Бәріне денсаулық тілеймін.
Баршасы аяздың ең шегінде тұрған мерзімде салқын суға шомылу денеңе қуат, бойға сергектік сыйлайды дейді.
Дмитрий Пабакарь, Павлодар қаласының тұрғыны
Мен 8-9 жылдан бері шомылып келемін. Ертіс өзеніне күн сайын дерлік шомыламын. Денемнің сергектігі керемет. Мүлдем ауырмаймын деуге болады. Таңертең шомылып аламын да, күні бойы сергек жүремін. Бәріне таңда салқын суға шоиылуға кеңес беремін.
Қауіпсіздік шаралары да жіті қадағалауда. 52 құтқарушы, сондай-а, апаттық медицина мамандары бір жарым сағаттық кестемен кезекшілік етеді.
Мұхамед Әбдуәлиев, Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының бастығы
Бұл жерде екі ерлерге және әйелдерге арналған екі шомылу орыны бар. Қауіпсіздікті сақтау үшін құтқарушылар мен медицина қызметкерлері кезекшілік құруда. Олар шомылу нұсқаулығын түсіндірді. Қандай да бір жағдайда көмек көрсетті. Эвакуациялық жағдайлар үшін техникалар да дайындалды.
Бұл рәсімнің тарихы тереңде. Діни аңыздарға сәйкес Иса пайғамдардың Иордан өзеніне шомылған сәтінен бастау алады. Ал, Павлодар тұрғындары тәубе үшін, рух пен тәннің тазалығы үшін шомылуға кеңес береді.