Аяз күндері тұрғындардан үйлерінің суып кетуіне байланысты 10 шақты өтініш келіп түскен. Жылумен жабдықтау параметрлеріне қатысты шағымдардың бірде-біреуі расталмады, деді Павлодарэнергода.

13-19 қаңтар аралығында павлодарлықтардан жылуға қатысты шағымдар келіп түсті. «Павлодарэнерго» шағымдар көпқабатты үйлерден түскенін хабарлады. Мұндай үйлердің тұрғындарына жылу желілерінің қызметкерлері осы проблемалық мәселелерді жою шараларын қабылдау үшін ұсыныстар берді. Барлық өтінімдерді жылу инспекциясының қызметкерлері жедел пысықтады.

Екатерина Байжұманова, «Павлодарэнерго» АҚ

қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы

Павлодарлық 2-ЖЭО және 3-ЖЭО электр жүктемесін көтерудің диспетчерлік кестесіне және 98/57 градус жылу желілерінің берілген температуралық кестесіне сәйкес штаттық режимде жұмыс істейді. 2-ЖЭО де 4 қазандық агрегат және 3 турбоагрегат, ЖЭО-3-те 6 қазандық агрегат және 5 турбоагрегат жұмыс істейді. Жылыту маусымы кезінде Павлодарда қала әкімдігі құрған 10 жұмыс комиссиясы жұмыс істейді, оның құрамына жылу инспекциясының, қызмет көрсететін ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ әкімдік өкілдері кіреді. Бұл комиссиялар жылыту маусымы басталғаннан бастап аяқталғанға дейін тұрақты негізде жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, павлодарлықтарда жылумен жабдықтау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда "Павлодар жылу желілері" ЖШС диспетчерлік қызметінің 60-29-21 нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады.

Самал Қалиқызы