Баласын балабақшаға бергісі келіп отырған ата-аналарға айдың соңына дейін күту керек деді, қалалық білім беру бөлімінде. Себебі, қазір мектепке дейінгі ұйымға құжаттарды қабылдайтын ақпараттық жүйеге байқау өтіп жатыр.

Павлодар қаласындағы балабақшаларға 15 мыңнан астам бала барады. Тағы 1700-і қазір кезегін күтіп отыр. Олардың басым бөлігі 1,5 жасқа дейінгі балалар екен. Осы ретте, әлеуметтік желіде «Индиго» істен шықты деген хабарламалар тарады, бұны білім беру бөлімінде осылай түсіндірді.

Дыбыс Андерова, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы

Қазіргі уақытта балаларды кезекке қою, құжаттарды қабылдау қызметтері уақытша тоқталыған. Оның себебі қазір жеткізушіні анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүріп жатыр. 22 қаңтарға дейін өтінімдер қабылданады, 3 жұмыс күні ішінде конкурс нәтижесі шығады. Ақпараттық жүйеснің жұмысы қайта жандандырады. Бізде жыл сайын осындай конкурс жүргізіліп отырады. Балабақша немесе индиго болуы мүмкін.

Айта кетейік, балабақшаларға құжат қабылдайтын ақпараттық жүйе жылда осы уақытта жұмысын тоқтатады. Жылдың басында не ескі не жаңа жүйе іске қосылады. Ата-аналар да бұған үйренетін болғандай. Сонымен қатар, «Индиго» ақпараттық жүйесінде әр айдың 1-10 аралығында табель бекітілетін, ол да қазір қолжетімсіз. Әзірге күтуге тура келеді, деді спикер. Қосымша ақпаратты балабақшалар әкімшілігі ұсынады.

Самал Қалиқызы