«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлері мен офицерлері бірнеше күн бойы волейболдан жарысты. Бүгін дәстүрлі чемпионат қорытындыланып, үздік командалар анықталды. Толығырақ тілші сюжетінде.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлері мен офицерлері тек сапта тұрып қана қоймайды, олар денелерін шынықтырып, спортпен де шұғылданады. Дәстүрлі түрде спорт шараларына да қатысады. Кезекті жарыс «Баянтау» спорт кешенінде волейболдан өтті.
Камиль Кемелбаев, 5512 әскери бөлімінің дене шынықтыру және спорт бөлімшесінің бастығы
Бүгінгі жарыс жылда өткізіледі. Осы жолы жарыс 5512 әскери бөлімінің базасында өтті. Осы ретте спорт басқармасын, баянтау спорт кешенінін басшылығына алғыс білдіргіміз келеді. Қатысушылар өте жақсы нәтиже көрсетті.
Жарыста үшінші орынды 6679 әскери бөлімі, екінші орынды 6699 және бірінші орынды 5518 әскери бөлімі алды. Чемионат тартысты әрі қызықты өтті дейді қатысушылар.
Руслан Оралтаев, 5518 әскери бөлімінің спорт және дене шынықтыру нұсқаушысы
Барлық жарысқа қатысушыларға рахмет. Әскерде жзүріп те спортпен айналысуға болады. Спортты дәріптеуге көмектесіп жатқандарына. Әр спорт саласынан жаттықтырамын сарбаздарды. 3 рет жаттығу өтеді. Алдын ала жаттығулар тағайындалады. Жарыстарына шыға беретін болады.
Бұл ойынға Өскемен, Павлодар, Семей, Курчатов қалаларынан командалар келіп, бақтарын сынады.
Расул Сансызбаев, 6679 әскери бөлімінің сарбазы
Ойын өте қызықты әрі қиын болды. бір бірімізге үйрене алмадық. Біздің командирімізге рахмет айтамыз. Қолдау берді. 5512 мен ойнадық. Оңай болды. Соңғы финалда біз 6699 қатты ойнайды екен. жеңіліп қалдық бірақ.
Айта кетейік, ал ақпан айында Павлодар қаласында түрлі әскери бөлімдер арасында волейболдан Қазақстан чемпионатын өткізетін болады.
Самал Қалиқызы