Ардагер журналист, белгілі қаламгер Социал Әйтенов биыл 80 жасқа толды. Осыған орай әр түрлі кездесу шаралары ұйымдастырылуда. Солардың бірі Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде өтті.

Кездесу кешіне мектеп оқушылары, Социал Әйтенұлының замандас қаламгерлері мен бүгінгі ізбасарлары келді. Қаламгерлік жолға әркім әр түрлі жолмен келеді. Бірі есейе келе жазуға бел шешсе, бірі бала кезден қолына қалам алады. Социал Әйтенұлы жазуға ерте жастан қызыққандар қатарынан.

Социал Әйтенов, журналистика ардагері, Қазақстанның мәдениет қайраткері

Біздің ауыл Құркөл деген Ақсудың ары жағында 25 шақырым жерде сол ауылда біздің Сәбит Дөнентаев деген ақынымыз, журналистіміз туып өскен. Қорабай Жапанов деген, Қажымұрат Смағұл деген. БҰл ауылда тағы да абсқа атақты адамдар бар олардың бәрін айта бермей-ақ қояиын. Мектептің қабырға газетіне мақалалар жазуға тапсыратын. Әсіресе мектеп жиректорымыз. «Пионер», «Тікенек», «Балға» сияқты көп мектеп газеті болды. 4-5 газет шықты. Бесінші, алтыншы, жетінші классқа келген кезде адам жаза-жаза төселеді ғой. Облыыыстың сүйікті газетіміз «САрыарқа самалы» ол кезде «Қызыл ту» дейді соған шыға бастадым.

Сол кездегі қабырға газетінің тұрақты авторы бүгінгі ардагер аға журналситтің әріптестері оның еңбек жолдарына көз жүгіртті.

Шолпан Байғалы, жруналистика ардагері, ақын

Телевидениедағы ең алғашқы жастар хабарын авторы Социал екен. Ол 15 жыл «Қызы туда» қызмет жасаған соң телевидениеге ауысты. Мен газетке ауыстым. Екеуміз орына уыстырдық. Бір кабинетте отырып қызмет етпесек те журналистика саласында бірге келе жатқанымыз айдан анық.

Телеарнада болсын, радиода болсын өзінің қолтаңбасын анық қалдырған Социал Әйтенұлы өткеннің шежіресіндей.

Нұрбол Жайықбаев, «Сарыарқа самалы» газетінің бас редакторы

Сол кезде енді қарап отырсақ үлкен-үлкен ірі қаламгерлермен бірге жұмыс істеген. Сол кісілер секілді журналистиканың барлық саласын меңгерген. ОЛ кісі бүгін алдымыздағы асқар тау секілді. Сол уақытта қызмет еткен ардагерлер туралы айтып беретін шежіьер. 2019-жылы обыстық «Саырарқа самалы» газеті 90 жылдығына орай майдангер ағалардың үйлеріне мемориалды тақта орнатқан болатын. Осы кезде ағалармен араласқан Социал ағаның көп көмегі тиді. Еңбегі көп сіңді.

Шара аясында тағылымды сөз айтылып, әсерлі ән құйқылжыды. Жастарға табандылық пен еңбексүйгіштік жайлы молынан айтылды.