Құрылтайда мемлекеттік басқару құрылымдарында өзгеріс болатындығы айтылды. Ал, жаңа Парламенттің құрылтай аталып, вице-президент қызметінің оралуы қазақтың ежелгі мемлекеттік басқару құрылысында бар дейді зиялы қауым өкілдері.

Елдік дәстүрі ежелден қалыптасқан, мемлекеттік басқару тәсілі дала демократиясына негізделген халық бұл жолғы құрылтайдағы өзгерістерді қалыпты қабылдап отыр. Ақын, жазушы Серік Елікбайдың айтуынша, бұл жолы айтылған өзгерістер мемлекеттік басқарудың ұлттық танымға жақыдағандығын көрсетеді.

Жазушы, құрылтайда елдің сөзін сөйлейтін адамдардың көптеп болуы керек дейді. Құрылтай халықтың барлық қажеті ортаға түсетін, болашағы бағдарланатын орын болуы тиіс.