Ұлттық Құрылтайда мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер мен жаңа бастамалар айтылды. Ең бастысы – саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған парламенттік реформа. Мәжіліс құрылымына өзгеріс еніп, алдағы уақытта Ұлттық Құрылтайдың рөлі күшеймек.
Қазақ тарихында Құрылтай – ел тағдырын айқындайтын маңызды алаң болған. Осы дәстүр жалғасын тауып, қазіргі саяси реформалармен үндесіп отыр. Жаңа өзгерістердің бірі – Парламенттің бір палаталы жүйеге көшуі. Бұл заң шығару үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Саяхат Оразбек, Павлодар облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі
Құрылтай деген ерте кезден қазақтың маңызды дүниелерді пысықтаруға арналған. ҚҰрылтайдың жүйесіне келетін болсақ біздің парламент алдағы уақытта бір палаталы болмақшы, қазіргі сенат қысқартылады.Өз тарапымыздан саяси логикалық шешім деп есептейміз.. алдағы уақытта заң шығарудың жылдамдатуына әкеледі. Бұрындары заң мәжілісте талқылап, сенатқа өткізілетін. Енді заңдар жылдам қабылданады.Бұл шешімді дұрыс деп санаймыз.
Сондай-ақ, алдағы құрылатын Құрылтайда арнайы квоталардың алынып тасталуы да қолдау тапты. Бұл бастама Парламентті әкімшілік тағайындаулардан арылтып, партиялар арасындағы ашық пікірталас алаңына айналдыруды көздейді.
Саяхат Оразбек, Павлодар облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі
Осы құрылтайда жаңа лауазым вице-президент лауазымы ашылатыны айтылды. Сондай-ақ халық кеңесі құрылатыны айтылды. Бұл деген осы президентіміздің реформлаарының кезектілерінің легі деп айтсақ болады. Жаңа қазақстан деген осы қазіргі өмір сүріп жатқан адамдардың арасында құрылатын кезең алдығы жаңару түсетін болады.
Сарапшылардың айтуынша, бесінші Ұлттық Құрылтайда айтылған бастамалар елдің саяси жаңғыруына серпін беріп, басқару жүйесінің тиімділігін арттырмақ.
Дильназ Қуанышбекқызы