Шарбақты ауданы өткен жылды жоғары көрсеткіштермен аяқтаған. Аудан әкімі Сержан Иманқұлов соңғы жылдары тұрғындарға қажетті инфрақұрылым салынып, әлеуметтік нысандар көптеп күрделі жөндеуден өткенін айтты. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады.

Ауданда өткен жылы құрылыс қарқыны едәуір артқан. 9 млрд 870 млн теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 153 пайызға жоғары. Осылайша 10 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынған.

Сержан Иманқұлов, Шарбақты ауданының әкімі

Ең негізгі ауданымыздың көрсеткіші ауыл шаруашылығы. 112,6 пайыз. 2025 жылғы ауданның бюджеті 5 млрд 913 млн теңгені құрады. Бұл қаражаттың барлығы толық 100 пайыз игерілген. 2025 жылы ауданымыз бойынша 28 жоба іске асты.

Жиырма сегіз жобаның 9- ы жол құрылысына тиесілі. 8-і абаттандыру жобасы. Білім саласында 4 нысан, сондай-ақ, аудандық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіпті. Сонымен қатар, спорт алаңы да салынып, халық игілігіне берілген. Жылумен жабдықтауда бірнеше жоба бар. Ал, биылғы жобалар негізінен ауыл шаруашылығына бағытталған.

Сержан Иманқұлов, Шарбақты ауданының әкімі

Төрт ірі негізгі жобамыз бар инвестициялық. Оның біріншісі 500 гектарға арналған суармалы егіншілікті дамыту. Сонымен бірге «Назаровская-2026» жеке серіктестігінің 600 басқа арналған сүт тауарлы фермасының құрылыс бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар осы ЖШС-де тағы екі жоба жлспарланған. Оның бірі 600 гектарға арналған суармалы егіншілікті бастау, одан кейін 6 мың шаршы метр заманауи көкеніс сақтау қоймасын салу жоспарланып отыр.

Ауданның туристік әлеуеті де біршама қарқынды. Орман алқабындағы демалыс орындары мен Маралды көлі демалушылардың көп келетін орнына айналды. Мәселен, былтыр Маралды көліне 45 мың адам келіпті. Осылайша туристер саны жыл санап артуда. Сондықтан, Маралды көлінің жағажайын ұлғайту жоспарлануда.

Сержан Иманқұлов, Шарбақты ауданының әкімі

Бүгінгі күні эскизный проектісі жасалған. Қазіргі күні жобаны дайындау бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Қазіргі күні барлық демалушылар Көлбұлақ арқылы кіреді ғой. ЕКінші жоба бойынша Жылыбұлақ арқылы кіретін басқа жағажай істеуді жоспарлап отырмыз Маралды көлінде.

Былтыр ауданға былтыр 27 отбасы, яғни, 138 адам көшіп келіпті. Оның ішінде 9 отбасы шетелден келген қандастар. Соңғы жылдары аудан тұрғындарының азаю қарқыны бәсеңсіп келеді деді әкім, халықты қоныстандыру бағдарламасы биыл да жалғасатындығын айтты.