Бесінші құрылтайда Мемлекет басшысы саяси реформаларды жалғастыру, қос палаталы Парламенттің жұмысын жетілдіру, халық өкілдігінің рөлін арттыру керек екенін айтты. Сондай-ақ әлеуметтік саясат, экология, білім мен ғылым саласындағы түйткілдерге ерекше назар аударылды.
Президенттің айтуынша, қабылданып жатқан бастамалардың барлығы ең алдымен қарапайым халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл өзгерістер азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуына және мемлекеттік басқаруда ашықтықты арттыруға мүмкіндік береді.
Әлия Қасымжанова, Ж.Тәшенев атындағы ЖОББ мектебінің тарих пәні мұғалімі
145 депутат 8 кеңес. Соның ішінде халық кеңесі. Және де бұл менің ойымша қарапайым халықтың әлеуметтік мәселесін шешуге септігін тигізеді деп ойлаймын. Экология, жасанды интелект, білім-ғылымға, тарих мәселесі көптеген зерттелмеген орындарды әлем деңгейінде көтеру бойынша сөз қозғалды.
Сонымен қатар, құрылтайда инклюзивті қоғам қалыптастыру мәселесі де көтерілді. Мемлекет басшысы білім беру жүйесінде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Әсіресе, ерекше білімді қажет ететін балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау — ортақ міндет екені айтылды.
Әлия Қасымжанова, Ж.Тәшенев атындағы ЖОББ мектебінің тарих пәні мұғалімі
Осы жерде ұстаздардың ата-аналардың рөлі маңызды деп ойлаймын. Неге десеңіздер оларда мүмкіндігінше мысалы денсаулығында ақаулығы бар студенттер, оқушылар бірдей көлемде білім алуға мүмкіндік алу керек. Осыған жоғары оқу орындары мен мектеп басшылығы, ұстаздар және ата-аналар аса мән беруі керек.
Бесінші Ұлттық құрылтайда көтерілген ұсыныстар мен тапсырмалар алдағы уақытта нақты іс-шаралар арқылы жүзеге асырылып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Дильназ Қуанышбекқызы