Павлодар қаласының №48-ші мектеп қабырғасында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту орталығының бастамасымен «Жарқын болашақ» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Білім сайысына облыс орталығының әр мектебінен 192 оқушы бақ сынады. Білгірлердің білімдерін саралап қайтқан тілші әңгімесінде.

Олимпиада 7 және 11 сынып оқушылар арасында өтіп жатыр. Бес бағыттағы зияткерлік сайыс облыстық кезеңге іріктеу. Шәкірттер әр бағытқа бөлініп, тапсырма орындады. Солардың бірі 9 сынып оқушысы Бейсенбай Адалхас. Ол білгілер бағытын таңдады.

Бейсенбай Адалхас, М.Әлімбаев атындағы ЖОББМ оқушысы

Жалпы жұмыс барысы бізге айтылған болатын. Яғни біз эпостық жырлар, лирикалық жырлар, жаңылтпаш мақал-мәтелдер туралы сөз айтуымыз керек. Мен 7 сыныптан бастап география пәнінен олимпиаладарға бірнеше рет қатысқам.Және республикалық деңгейге шыққаным бар.

Шешендік өнерді серік еткен №47 мектептің 10 сынып оқушысы Мөлдір Мұратбек бұл білім додасына жыл сайын қатысуды дәстүрге айналдырған.

Мөлдір Мұратбек, Павлодар қаласы №47 ЖОББМ 10-сынып оқушысы

Жалпы мен осыған дейін ақындар мүшәйрасында, сөз шебері, шешендік өнерде бағыттағы сайыстарда қатысып жүрдім. Қазір мен білгірлер бағытындамын. Ол жерде мақал мәтердер, жаңылтпаштар, жырларға байланысты сайыстар қатысушылар көп. Екі кабинетке бөлінген.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, жас буынға тәрбиелік әрі рухани бағдар беретін бұл бәсекенің мәні зор.

Ақмарал Мұхаметжанова, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының басшысы

Олимпиаданың негізгі мақсаты мемлекетті тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби, рухтарын дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Олимпиада 5 бағыт бойынша өткізіледі. Біріншісі бейнелеушілер, Бұл жаңадан шығарылған бағыт деп айтуға болады. Оқушылар қазақ халқының әдебиеті бойынша комикстар бойынша сурет салады. Екінші бағыты білгірлер бағыты, қазақ халқының мақал мәтелдерін, шығармашылық жазбаша жұмыс.

Бұған қоса қатысушылар оқушылардың сөздік қоры, сөйлеу қабілеттерін бағалайтын сөз шеберлері және «әнші бұлбұлдар» бағыттарында бақ сынады. Қалалық мәреден өткен мықтылар, облыстық кезеңге жолдама алады. Сайын ақпан айында өтеді.

Әйгерім Тоқпанқызы