Жиырма бірінші қаңтар күні құрылған Конституциялық реформа комисиияның жұмысы қызу. Осы уақытта бірнеше отырыс өткізіп, комиссия мүшелері өз ұсыныстарын білдіруде.

Бірпалаталы парламентке көшу идеясын мемлекет басшысы өткен жылдың қыркүйегіндегі Жолдауында айтқан еді. Одан кейін қазан айында Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Ал, Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында Парлменттің құрылымы, атауы өзгеретін болып шешілді. Бұл мақсатт арнайы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылды.

Павлодар қалалық мәслихаты төрағасының айтуынша, бүгінде халықтың саяси сауаты да, белсенділігі де жоғары. Елімізде болатын алдағы өзгерістер барысын қалт жібермей бақылып отырған жұртшылық көп. Комиссияның алдағы отырыстаныда болатын ұсыныстар негізінде осы уақытқа дейін айтылып келген нақты идеялар іске асуы тиіс.