Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы өз сөзінде әлеуметтік әділдік, экология, жастар тәрбиесі, білім мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға ерекше тоқталды. Сондай-ақ, өңірлердің әлеуетін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту – басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

Құрылтай барысында делегаттар тарапынан да нақты ұсыныстар айтылды. Әсіресе қоршаған ортаны қорғау, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесі, экологиялық ахуалды жақсарту мәселелері кеңінен талқыланды. Бұл бастамалар халық тарапынан қолдау тапқанын байқауға болады.

Халық құрылтайда айтылған бастамалар нақты іске асып, елдің әл-ауқатын арттыруға ықпал етсе деген үмітте.Айта кетейік, Ұлттық құрылтай – қоғам мен билік арасындағы ашық диалог алаңы. Мұнда көтерілген ұсыныстар мен пікірлер алдағы мемлекеттік шешімдерде ескерілетін болады.

Дильназ Қуанышбекқызы