Ұлттық құрылтай отырысында ел дамуына тікелей әсер ететін өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Отырыста мемлекеттің дамуына қатысты маңызды бастамалар көтеріліп, қоғамның түрлі саласын қамтыды. Алқалы жиында
айтылған ұсыныстарға өңірдегі қоғамдық ұйым өкілдері де үн қосып, өз көзқарастарын білдіруде.
Мемлекет басшысы басқару жүйесін жетілдіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдық келісімді нығайту мәселелеріне айрықша назар аударды. Құрылтайда айтылған ой-пікірлер нақты шешімдер мен жоспарларға ұласуы тиіс. Бұл алаң қоғамдағы түйткілді мәселелерді ашық айтып, ортақ пікір қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бақытжамал Максилова, «Нұр-ана әлемі» ҚБ төрағасы
Парламенттің атауы құрылтай болсын дегенге, өзіміз таңқалдық және қуандық. Себебі бұл біздің тарихымыз. Парламенттің өзі, құрылтайдың өзі. Құрылтай бізге патриоттық тәрбие беріп жатыр. Өзіміздің қазақтың салт-дәстүрді бұзғандық, қыз алып қашу дегенді қойғызу өзіміздің көңілімзде жүрген мәселе. Енді халықтық келісім болсын деген халық өзі біліп, халықтың ойында жүрген нәрсені құрылтайда ашып, бізге жаңа жол ашып береді деген ойдамын. Сондықтан біздің ассамблеямызбен әрі қарай да қызмет жасаймыз. Осы құрылтайда не айтылды, бұрынғы өзіміздің жоспарамызды кеңейтілген түрінде, тарихи мағынасымен өзгертеміз деген ойдамыз.
Құрылтайда көтерілген бастамалар қоғамның бірлігін нығайтып, ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған. Қоғам өкілдері бұл ұсыныстар елдің болашағы үшін маңызды қадам болатынына сенім білдіруде.
Сабина Жолдаспаева