Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында мас күйінде көлік жүргізген шенеуніктің мәселесі қаралды. Кеңес мүшелерінің басым бөлігі оны қызметінен босату жөніндегі ұсыныс енгізуді қолдады.

Оқиға өткен жылдың 14-желтоқсанында болған. Мас күйінде рульде отырған жерінде ұсталған ол сот кезінде күнәсін мойындап, жазасын алған. 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылыпты.

Кеңес отырыснда Айдын Қояғанов өз кінәсын мойындап, болған жағдайға өкінетіндігін білдірді. Сондай-ақ, отабсындағы жалғыс асыраушы екендігін айтып, жеңіл жаза беруді сұрады. Алайда, кеңес мүшелері оны қызметінен босату жөніндегі ұсыныс енгізуді қолдады.