Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында елдің саяси жүйесінің алдағы дамуына елеулі ықпал ететін, тарихи мәні бар мәлімдемелер айтылды. Жерлестеріміз Мемлекет басшысы айтқан әр ұсыныс көңілден шығып отырғанын жеткізді.
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында маңызды бастамалар көтерілді.Бұған қоса, пікір алмасу алаңы болды. Барлық ұсыныстар мен ой-пікірлер елдің одан әрі дамуына серпін береді. Мемлекет басшысы айтқан әр ой саяси жүйедегі тарихи бастама.
Дмитрий Корепанов, Павлодар облыстық қоғамдық кеңес мүшесі
Құрылтай – еліміздің саяси жүйесі үшін тарихи маңызы бар оқиға. Осы үдерісте азаматтық қоғамның белсенді түрде қатысуы қуантады. Оның қатысуымен комиссиялар құрылып, ұсыныстар жиналды. Бұл, сөзсіз, саяси мәдениеттің дамуына оң ықпал етеді. Азаматтық қоғам үшін ең маңызды мәселе – Халық Кеңесінің құрылуы. Менің ойымша, Халық Кеңесі өңірлердің өкілдерінен құралатын болады. Және ең бастысы – біздің өңірдің азаматтары да оның құрамына еніп, облысымызда бар өзекті ұсыныстарды жеткізе алады.
Сарапшы, сондай-ақ конституциялық реформа аясында атқарылып жатқан ауқымды, әрі,нәтижелі жұмысты да атап өтті. Қазір басты міндет – заңнаманы жаңартып, оны қоғамның жаңа сұранысына бейімдеу. Мемлекет басшысының ұсынысымен конститутциялық комиссия құрылып, жұмыс істеуде.
Әйгерім Тоқпанқызы