Орталықтандырылған қалалық кітапханада мәдениеттанушы Зира Наурызбаева, ұстаз Балсұлу Қондыбай жастармен кездесті. Онда қазақ мифологиясының зерттелуі, мәдениеттану мәселелері, сондай-ақ, белгілі мифолог Серікбол Қондыбайдың еңбегі жайлы мағұлматтар айтылды.

Кездесуге қала тұрғындары, жастар келді. Қадірлі қонақ Балсұлу Қондыбай мифология ғылымын түрен сала зерттеп, жаңа қырын ашып, сырларына үңілген ғалым Серікбол Қондыбайдың еңбектері жайлы молынан айтты. Серікбол Қондыбай Маңғыстаудың Қарақия ауданы, Құрық кентінде 1968 жылы 14 наурызда дүниеге келген. 1991 жылы география мамандығы бойынша жоғары оқу орынна аяқтаған. Елге оралып мамандығы бойынша Маңғыстау өлкесінде зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 1995 жылы жол апатына ұшырап, арбаға таңылып қалған соң біржолата жазуға отырып, артына өте мол мұра қалдырады.

Балсұлу Қондыбай, ҚР білім беру саласының үздігі

Өзі өмірден өткенше 10 кітабы жарық көрді. Әр түрлі бағытта. «Қазақ даласы және герман тәңірлері», «Қазақ мифологиясына кіріспе», «Гипорборея: түс көрген заман шежіресі», сияқты үлкен еңбектер. Соның ішінде ең көлемдісі «Арғы қазақ мифологиясы» атты 4 томдық еңбек. Басында мифологияға барам деп те ойламаған шығар. Бірақ, оның ізденісі, оқыған кітаптары мифологияның қазанына алып кетті.

Серікбол Қондыбай өмірден өткен соң артында қалған қолжазбалары 7 кітап болып жарыққа шықты. Бүгінде оның еңбектері ежелгі дәуіргедегі таным мен деректерден хабардар болғысы келетін жандар үшін, жалпы қазақ халқының түпкі жадын қалыптастыру жолындағы ұлттық маңызы бар еңбек.

Балсұлу Қондыбай, ҚР білім беру саласының үздігі

Серікболдың шығармашылығына қызығушы ғалымдар көп. Әсіресе жас ізденушілер. Назарбаев университетінде, Евразия университетінде, Есенов университетінде, КазГУ де Серікбол шығармашылығын магистрлік тақырыпқа алып жатыр. Оған өте қуаныштымыз. Серікбол шығармашылығы әсіресе Мағыстауда мектеп бағдарламасына дендеп еніп жатыр. Музей сабақтары өтеді. Мұғалімдердің сол жаңашыл бағытқа деген ұмтылыстары өте мықты.

Қонақтар қатарында белгілі мәдениттанушы Зира Наурызбаева да болды. Ол да Серікбол Қондай шығармашылығының ерекшелігіне тереңінен тоқталды. Сонымен қатар, мифология және қазақ мәдениеті тақырыбында тағылымды ойларны ортаға салды.