Павлодарлық театр көрермендеріне «Зүлейха» қойымы ұсынылды. Ресейлік танымал жазушы Гүзел Яхинаның романы бойынша сахналанған туынды әйелдің дәрменсіз тағдырын сөз етеді.
«Зүлейха» қойылымында жиырманшы ғасыр басында алыстағы татар ауылындағы бір отбасының ахуалы сипатталады. Күйеуі мен енесінің қатал талабынан қажыған жас келіннің ауыр тағдыры. Жүдеу тіршіліктің жас жанға салған жарасы.
Күнделікті күйбең тіршілік. Енесінің ештеңге көңілі толмайтын қазымыр мінезі. Күйеуінің қамқор болудың орнына өз шешесіне қосылып Зүлейханы сынаққа алуы.
Қойылым продюсері әрі басты рольді сомдаушы Салтанат Бақаева көптеген романдарды оқыпған соң осынау ерекше тағдырды баяндаған шығарманы сахналауды жөн көргендігін айтады.
Салтанат Бақаева, қойылым продюсері
Бұл қойылымда көп нәрсе бар. Ауыртпашылық бар. Көптеген проблемалар қозғалады. Бұл шығарма бұрынғы уақыттың кезін алса да, ондағы мәселелер әлі күнге дейін бар. Сондықтан, осы шығармаға тоқтадық. Қойылым шығарманың желісі бойынша. Ол өте үлкен роман. Төрт кейіпкермен екі сағаттық қойылымға сыйғызу өте қиын. Сондықтан ең маңызды мәселерді, қажетті кейіпкерлерді ғана алдық. Сонымен бүкіл Қазақстанды аралап жүрміз.
Осылай мимырт күн кешіп жатқан отбасының шаңырағын жиырманшы ғасырдың басындағы аласапыран келіп шайқайды. Ол оқиғалар да Зүлейхаға үлкен соққы ауыр сынақ болды. Қойылым қай уақыт болмасын қорғансыз тағдырлар бар екендігін айтқысы келеді.