Облыс орталығына жақын аумақта бензин таситын көлік өртенді. Бір адам жарақат алды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті өртті ауыздықтауға мүмкіндік берді. Толығырақ тілші сюжетінде.

24 қаңтар күні "101" пультіне Павлодар қаласының маңындағы Жаңаауыл ауылындағы ЖШС-нің бірінің аумағында бензин тасығышының өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Өрт цистернаны бензинмен толтыру кезінде болған. Оқиға орнына дереу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. 57 жастағы азамат жарақат алды.

Төлеужан Орымбаев, Павлодар қалалық №1 ауруханасының дәрігері

Ауруханаға түскен бетінде әртүрлі деңгейдегі жарақат алғаны белгілі болды. Күйік дененің 18-20% құрайды. Тыныс алу жолдары, бас, арқа, жамбас, қолдар күйіп кеткен. Екі өкше сүйегінің сынуы. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Реанимациядан күйік бөліміне ауыстырылды.

Ал, еңбек инспекциясы департаментінде жағдайдың себеп салдары анықталып жатқанын хабарлады.

Ербол Сайфуров, Павлодар облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бөлім басшысы

Қазіргі таңда мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне еңбек қызметіне хабарлама түсті. Жаңа себептер анықтау үшін комиссия құрылып жатыр. Қосымша ақпарат береміз.

Қазіргі таңда 57 жастағы тұрғынның денсаулығы, жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында.

Самал Қалиқызы