Шахмат үйіне ұстаздар жиналып, шаршы тақтада ой шеберлігін сынасты. «Сенат Оупен» турнирінің білім мен ғылым қызметкерлері арасындағы іріктеу сынына 140 спортшы келді.

Аудан ауылдардан, қала мектептері мен колледждердің ұстаздары, сондай-ақ, жоғары оқу орнының қызметкерлері «Сенат Оупен 2026» турнирінің 1/8 финалында бас қосты. Баршасы шахмат спортын ұстаздық қызметпен қатар алып жүрген жандар. Жиыны 140 спортшы келген. Бұл жоғары көрсеткіш дейді ұйымдастырушылар.

Шахматты серік еткен ұстаздар көп емес. Ал, оқушы дайындап жетістікке жеткендері тіптен аз. Бұл турнирде ұстаздардың өздері сынға түсіп баптарын сынады.

Осылайша 140 спортшының ішінен 20 сы таңдалып, ширек финалға жолдама алды. Ширек финал 15-мамыр күні Достық үйінде өтеді. Оның жеңімпаздары Қостанай қаласында өтетін жартылай финалға аттанып, ол жерде үздік танылғандар Астана қаласында тамыз айында өтетін «Сенат Оупен» турнирінің финалына жолдама алады.