Павлодар қаласындағы №6679 әскери бөлімінде жас сарбаздарға қару-жарақ табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шара сап алаңында ұйымдастырылып, әскери қызметтің белгіленген талаптарына сай өткізілді. Бұл рәсім сарбаздардың әскери өмірге ресми түрде қадам басқанын білдіреді.
Жас жауынгерлерге бір жылдық қызмет мерзіміне арналған әскери қару-жарақ пен қажетті жабдықтар берілді. Енді олар әскери дайындықтың келесі кезеңіне өтіп, жауынгерлік машықтарын жетілдіреді. Әскер қатарындағы қызмет жас сарбаздарды тәртіпке, төзімділікке және жоғары жауапкершілікке баулиды.
Ерслан Жагипаров, №6679 әскери бөлімінің қару-жарақ қызметінің бастығы
Әр сарбазға ак74, меңгірлік винтовка және басқа қару-жарақ бекітіледі жеке құрамға. Бүгінгі сарбаздар осы қару-жарақпен бір жыл мерзім уақытында қызмет атқарады. Жауынгерлік қызметті әрқашан өздерінің бекітілген қару-жарықтарымен атқарады. Бүгін жас сарбаздарға тілейтінім әрқашан өздерінің жауынгерлік қызметтерін абыроймен атқаруға тілектеспін.
Қызмет барысында сарбаздар өздеріне бекітілген қаруымен жауынгерлік дайындықтан өтеді. Бұл олардың жеке жауапкершілігін арттырып, тәртіп пен жинақылықты қалыптастырады. Бір ай бұрын әскер қатарына қабылданған жас сарбаздар енді қару-жарақпен толық қамтамасыз етіліп, қарқынды дайындыққа кіріседі.
Алижан Асылханов, сарбаз
Дайындық жақсы өтіп жатыр. Енді ВОД баталады. Ол жақта біз старший призывпен бірге дайындаламыз. Жастарға тілерім, әскерге келіңдер. Қашпадар. Бұл жақта жамандық жоқ, керісінше дисциплинаға үйретеді. Үйдегілерді бағалауға үйретеді.
Қару-жарақ табыстау рәсімі жас сарбаздардың әскери өмірге толыққанды қадам басқанын білдіреді. Алда оларды қарқынды дайындық пен жауапты қызмет күтіп тұр.
Сабина Жолдаспаева