Биыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Осыған орай, Торайғыров университеті негізінде IT және жасанды интеллект саласына қызығушылық танытқан 18 жастан асқан студенттер мен барлық ниет білдірушілерге арналған томороу скул білім беру бағдарламасын ашу жоспарланып отыр. Жоба 2 ақпаннан бастап Қазақстан бойынша іске қосылады.

«Tomorrow School» — әлемнің бірқатар елдерінде табысты жұмыс істеп келеді.

Бұл бастама білім беру форматы елімізде енгізу жоспарда бар. Жоба жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды меңгеруге бағытталған. Аталған мектептер Қазақстан бойынша 2 ақпаннан бастап өз жұмысын бастайды.

Салтанат Әубәкірова, Торайғыров университетінің стратегиялық даму, халықаралық ынтымақтастық және цифрландыру жөніндегі басқарма мүшесі, проректор

Бұл мектептер қазір Қазақстан бойынша өз стартын ақпан айында алады. Мысалы ақпанның екінші жартысында Қазақстан бойынша еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір уақытта ашады деп жоспарланған. Соған байланысты біз жұмыс жасап жатырмыз. Бұл жерде әрине Торайғыров университеті өзінің ғимаратын беріп отыр. 437 кв метрге арналған. Одан кейін біз ол жерге мұғалімдерді береміз.

Мектеп тәулік бойы, яғни 24/7 форматта жұмыс істейтін болады. Оқу тек студенттерге ғана емес, 18 жастан асқан, цифрлық сауаттылығын арттырғысы келетін барлық азаматтарға қолжетімді.

Салтанат Әубәкірова, Торайғыров университетінің стратегиялық даму, халықаралық ынтымақтастық және цифрландыру жөніндегі басқарма мүшесі, проректор

Қазіргі таңда жөңдеу жұмыстары жүріп жатыр. Арнайы компьютерлер болуы керек. Қазіргі таңда павлодар облысы әкімдігі 52 компьютер алып береді деп жоспарлануда.Одан кейін арнайы жасанды интелектпен айналысатын лицензиялар болуы керек. Ол жерге қойылатын жиһаздардың бәрі біздің әкімдіктің қолдауымен жасалайын деп жатыр.

Оқу курстарын сәтті аяқтаған тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталады. Бұл құжаттар болашақта жұмысқа орналасып, кәсіби дамуға мүмкіндік береді.

Дильназ Қуанышбекқызы