Ұлттық құрылтайда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге кіруіне шектеу туралы ұсыныс айтылды. Бұл мәселеге қатысты заң жобасы алдағы уақытта талқыланбақ. Ал қала тұрғындары бұл бастамаға халықтың пікірі қандай?
Қазір кәмелетке толмаған балалар әлеуметтік желілерді еркін пайдаланып отыр. Көп ата-ана баласының телефонға тым көп уақыт бөлетініне алаңдайды. Осыған байланысты тұрғындардың пікірі әртүрлі.
Қазіргі таңда Оқу-ағарту, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктері интернет қолданушыларының жасын тексеру тетіктерін әзірлеп жатыр. Ал жас шектеуін сақтамағандарға жауапкершілік шаралары қолданылуы мүмкін.
Дильназ Қуанышбекқызы