Павлодар облысында коммуналдық тарифтер әзірге өспейді. Бірақ алпауыт компаниялар табиғи монополияларды реттеу департаментінің шешімімен келіспей, сотқа да жүгінген.
Павлодар облысында коммуналдық тарифтердің шектік деңгейі бар. Ол әр 5 жыл сайын бекітіліп отырады. Қазіргі таңда 2026-2030 жылдарға арналған тарифтердің шектік деңгейі орнатылған. Қаңтар-наурыз аралығында облыста баға өспейді, деді жауапты департаментте. Бірақ, сәуір айында кейбір табиғи монополиялар субьектілерінің тарифі өзгеруі мүмкін.
Нұрлан Нұрмұратов, Павлодар облысы табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы
Қазір электрэнергия бойынша айта кететін болсақ, сол. 2,9 пайызға өзгертіліп, қайта бекітілген болатын. Жылу энергиясы бойынша айтатын болсақ, қазіргі кездегі шешімдер бойынша сәуір айынан бастап бекітілмеген. Керісінше төмен.
Су және кәріз жүйесі қызметтері бойынша да өсім болмайды екен. Компанияның ұсынған тарифтеріне қатысты департамент шешімін шығарып берген. Ал, «Павлодар су арнасы» мұнымен келіспей, шешімді сотқа беріпті.
Нұрлан Нұрмұратов, Павлодар облысы табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы
Сараланған тарифтердің өзіндік құны бойынша суды беру бойынша өтінім берген болатын. Тарифтер 75, кәріз жүйесін 90 пайызға көтеруге. Қарастыра отыра шешім шығарып бердік. Жоғары тұрған, сот органдарына қарастырылып жатыр.
Ақпан айының соңында шешім шығып, бағыт белгілі болады деп айтты, департаментте. Өңірде су мен кәріз жүйесінің бағасы не өседі, не сол қалпы қалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша коммуналдық қызмет тарифтері еліміз бойынша орта есеппен 10,99%-ға өсті.
Самал Қалиқызы