Елімізде соңғы жылдары бедеулік мәселесі өзекті. Статистика саны бойынша Қазақстанда әрбір 6-шы отбасы сәби сүйе алмай жүр. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша өңірімізге қанша квота бөлінді? Оған кімдер қолжеткізе алады? Тілші әңгімесінде.
Жұп болып, отбасын құрғаннан кейін әр ерлі-зайыпты балалы болуды армайды. Алайда түрлі медициналық себептерге байланысты бұл арман бәріне бірдей бұйыра бермейді. Бедеулік мәселесімен бетпе-бет келген отбасылар үшін 2021 жылдан бастап елімізде «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Бұл процедураны тегін алу үшін қайда бару керек?
Алма Катпина, репродуктивтік денсаулық және пренаталды диагностика орталығының акушер-гинеколог дәрігері
Бедеулік мәселесі бүгінде өзекті. Бұл проблема әлем елдерінде де, Қазақстанда да жиі кездеседі. Орташа есеппен әрбір алтыншы жұп балалы болуды аңсап жүр. «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасының осындай отбасыларға ата-ана болу арманын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында жыл сайын республика бойынша 7 мың квота бөлінеді. Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер Қазақстан Республикасының азаматы немесе елде тұрақты тұруға рұқсаты бар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген адам болуы керек. Ресми некеде тұрған ерлі-зайыпты болуы тиіс. Жалғызбасты азаматтарға квота берілмейді. Квота алу үшін алдымен тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркеліп, бедеулік бойынша диспансерлік есепке тұру қажет. Одан кейін облыстық аурухана базасында қабылдайтын репродуктологқа жолданады. Мамандар толық тексеру жүргізіп, бедеуліктің себебін анықтайды.
Дәрігерлердің айтуынша, ұрпақ сүюге кедергі келтіретін себептер әртүрлі. Ол тек бір тарапқа ғана байланысты емес. Мамандар бедеуліктің әйелдерге де, ерлерге де ортақ факторлары бар екенін алға тартады.
Алма Катпина, репродуктивтік денсаулық және ғы пренаталды диагностика орталығының акушер-гинеколог дәрігері
Бедеуліктің бірнеше себебі бар. Әйелдер тарапынан жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, бұрын жасалған операциялар немесе жатыр түтіктерінің бітелуі себеп. Сондай-ақ эндокриндік факторлар да маңызды рөл атқарады. Артық салмақ, дұрыс тамақтанбау, күйзеліс пен қимыл-қозғалыстың аздығы овуляцияның болмауына әкелуі мүмкін. Ал ерлерде бедеуліктің негізгі себептері – сперматогенездің бұзылуы, яғни сперматозоидтардың саны, сапасы мен қозғалысының төмендеуі.
Атап айтар болсақ Павлодар өңірінде 2400 ден аса жұп бедеулік диагнозымен есепте тұр. Биыл елімізге 7 мың квота бөлініпті. Оның тек 250-ы ғана біздің өңірге берілген екен.
Әйгерім Тоқпанқызы