Шахмат үйінде «Сенат опен 2026» турнирінің 1/8 финалы өтті. Бұл жолы мәденит және өнер қызметкерлері шаршы тақтада ой сайыстырты. Жарысқа 70 ке жуық адам қатысты.
Сайыстың ашылу салтанатына мәдениет және спорт басқармасының, шахмат федерациясының өкілдері, мәслихат депутаттары қатысты. Күнделікті жұмыстан бөлек, осындай шараларда да белсенділік танытып жүргендері үшін алғыс айтып, жеңіс тіледі. Бұған дейін ардагерлер, білім және ғылым қызметкерлері, мемлекеттік қызметерлер мен ұлттық компания өкілдері сайысқан.
Иә, қатысушылардың басым бөлігі әуесқойлар. Шахматтың терең сырына үңіліп жүрген жастар да, ересек тұрғындар да бар.
Күлжәмила Мұрзатаева, қатысушы
Атамекен ауылының мәдениет үйінде «Асыл жандар» тобында істеймін. Әнші болып. Жіберген соң келдім. Үш жлы болды шахмат ойнаймын. Алтыл жыл болды шашки ойнаймын. 3-микрорайоннан ойнап жүрмін. Атамекен ауылынан шахмат ойнап жүрмін.
Қатысушылар 9 тур бойынша бақ сынады. Жедел форманы таңдап, швейцар жүйесі, Фиде ережесі бойынша әр турда 10 минут ойнайды. Қосымша 5 секунд беріледі.
Әр сала бойынша іріктеу кезеңі өткен соңқатысушылар ширек финалда бас қосады. Оның жеңімпаздары Қостанай қаалсында солтүстік облыстар бойынша өтетін жартылай финалға аттанады. Ал, финал тамыз айында Астана қаласында өтеді.