Облыс орталығында Конституция жобасын талқылау мақсатында «Конституция және біз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бас қосуға университет ғалымдары мен студенттер қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді.
Аталған шарада жаңа Конституция жобасына енгізілетін өзгерістердің маңызы жан-жақты талқыланды. Қоғам үшін аса өзекті саналатын бұл бастама ұлттық мемлекеттік және құқықтық жүйені дамытудағы маңызды қадам екені айтылды.
Айгүл Садыкова, Ә.Маргұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры
Конституцияға енгізілген елеулі өзгерістер ол елдің құндылықтық бағдарларын нақтылауға бағытталған деп есептейміз. Жаңа мәтінде адам құқықтарының басымдығы контитуциялық құрылымның негізгі элементі ретінде бекітіліп жатыр, сонымен қатар қазақсан республикасының жаңа конституциясының бір палаталы парламент құрылтайға көшу, вице президент лауазымын енгізу және халық өкілдікігінің конститицияық халық кеңесін құру көзделіп отыр.
Кездесу барысында Конституциядағы өзгерістер студенттерге жан-жақты түсіндірілді. Жастар өз тарапынан пікір білдіріп, референдумға қатысудың маңызын атап өтті.
Гүлназ Аманжол, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің 3- курс студенті
Бүгін біздің университетімізде конституцияға байланысты дөңгелек үстел өтіп жатыр. Біз барлық студенттер болып қатыстық, жалпы референдумға қатысу біздің азамат ретінде жауапкершілігіміз.Студент болсақ та елдегі өзгерістерге өз пікірімзді білдіру маңызды деп санаймыз.
Айта кетейік, мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Дильназ Қуанышбекқызы