Май ауданында жағымды жаңалық көп. Малайсары ауылында «Күш мекені Малайсары батыр» атты жаттығу залы ашылды. Бұған қоса мектеп ішіндегі спорт залда жекпе жек алаңы пайдалануға берілді. Толығырақ ашылу салтанатына қатысып қайтқан тілші әңгімесінде.

Мәдениет үйі ішінде ашылған жаттығу залы ауыл тұрғындары көптен күткен қуанышы. Салауатты өмір салтын серік еткен азаматтар енді бос уақытын тиімді, әрі денсаулыққа пайдалы іспен шұғылданып өткізеді. Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі келешекте бұндай игі бастамалар жалғасатынын атап өтті.

Қадылжан Сәтиев, Май ауданының әкімі

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз жолдауда бұқаралық спортты дамыту халықтың денсаулығын нығайту ел болашағының кепілі екенін үнемі атап өтеді. Бүгінгі ашылып отырған спорт нысаны сол тапсырмалардың алдымызда нақты жүзеге асуының айқын көрінісі. Осы бағытта бюджеттен қаражат бөлініп, Қаратекер ауылында денешынықтыру, сауықтыру орталығы салынып, аудан орталығында бассейн құрылыс басталды. Бұл залда тек жаттығу жасайтын орын ғана емес, жастарды тәртіпке жігерге, табандылықыққа тәрбиелеп қалыптастыратын маңызды орталық болмақ. Осындай мүмкіндіктің ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы үлкен жетістік.

Осынау шараның ашылу салтанатына жер-жерден қонақтар келді. Солардың бірі олимпиада чемпиона, жылдың үздік спортшысы, зілтемірші Илья Ильин бар. Ол арнайы келіп, спорт нысанның ашылу лентасын өзі қиды.

Бұдан кейін спортшы екі бөлмеден құрылған зал мүмкіндігін көрді. Бұнда спортпен шұғылданып жатқан азаматтарға жаттығу жасауда кеңес берді.

Бұған қоса, еш дайындықсыз бірден 40 келі салмақта 10 рет салмақ көтеріп, ауыл тұрғындарына шеберлік көрсетті.

Тәртіп бар жерде даму мен өрлеу болады. Ал спорт – үлкен еңбек пен табандылықты талап ететін сала. Ұлт саулығы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы тиіс. Май ауданына демеушілердің шақыруымен келген әйгілі спортшы мұндай игі бастамалардың қоғам үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Илья Ильин, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері

Бұл – ауқымы кең, маңызы зор іс. Туған ауылы мен өңірінің дамуына үлес қосуды азаматтық парызым деп білетін адамдардың бары қуантады. Қоғам үшін, балалар үшін, спорт пен мәдениет саласында еңбек етіп жүрген жандар үшін пайдалы іс жасау – үлкен жауапкершілік. Осындай азаматтардың болғаны – қуантады. Біз бірлесе әрекет етуіміз керек. Қазіргі таңда демеушілер бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Мақсат – өзара дұрыс қарым-қатынас орнатып, қоғамға қолдау көрсету, бірге алға жылжу және жаңа жеңістерге жету. Бүгін мен Марайсары ауылындамын. Мұнда аға буын өкілдерінің спортпен белсенді түрде айналысып жүргенін көріп отырмын. Ауылдың тумалары үлкен істің басын бастап отыр. Бұл бастама өзге азаматтарды да спортқа ынталандыруы тиіс. Мен осы шараның бір бөлігі болғаныма мақтанамын. Өйткені спорт – ең алдымен денсаулықтың кепілі.

Бұл күні ауыл тұрғындары қос қуанышқа кенелді. Мектеп ішіндегі спорт зал ішінде жекпе жек ойындарын өткізу үшін алаң пайдалануға берілді.

Аспандияр Қайролла, Малайсары ауылдық округінің әкімі

Бұл жобамыз ауылымыздың жомарт жүректі азаматымызға шыққан болатынбыз. Одан бөлек Қазақстан халқына қорына және батыр боламын қорына осындай ауылымзға инвестиция тратып спортқа бұқаралық спортты дамытуға жасалған болатын. Бұл жерде Батыр боламын қорынан 8 млн қаражат бөлінді. Демеушіден 20 млн ана қаражат бөлінді бұл барлық жаттығу жекпе жек залына алдағы уақытта осындай жоспарларымыз бар.

«Қазақстан халқына» қоры оның ішінде «батыр боламын» жобасы екі нысанның бой көтеруіне себепші болды. Қор жабдықтар, 20 балаға арналған киім сатып әперді.

Ернұр Сәбекенұлы, «Батыр боламын» ҚҚ президенті

Осы бастаманың арқасында «Қазақстан халқына» қоры Призент қолдауымен ашылған қор. Сол қордың қолдауы арқасында қазір Қазақстан бойынша осындай әдемі спорт залдар ашып жатырмыз. Қанша чемпиондар шығып жатыр 2022 жылдан бері. Серіктер Батыр боламын деген қор. 236 спорт зал жабдықталды алдағы уақытта биылға деген тағы 100 зал ашу жоспарда бар. Салауатты өмңр салтына тәрбиелейтін үлкен орда.

Өз атын-жөнін атамай, ауылдың көркеюіне елеулі үлес қосып жүрген жомарт жанның арқасында және «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен есігін ашқан екі нысаннан келешекте ел намысын қорғайтын чемпиондар шығады деген үміт көп. Бұл бастама өңірде салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жас буынның бос уақытын тиімді өткізуіне де үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Әйгерім Тоқпанқызы