Павлодардағы Усолка мөлтек ауданында жасөспірімдер жиі мұз үстінде жүреді екен. Былтыр тіпті 3 баланы мамандар суға кетуден құтқарып қалған. Осы ретте төтеншеліктер мұз үстіне шықпауға шақырады.

Қыс мезгілінде ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 412 бабына сәйкес 27 азамат жауапқа тартылған. Олардың бәрі жұқа мұз үстіне шығумен байланысты. Көп жағдайда көлікпен мұз үстіне шығу, бір жағадан екінші жағаға өту фактілері тіркелді. Төтеншеліктер көктемгі мұз сыңғыш келетінін айтып отыр.

Серік Шериязданов, Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары

Негізгі мұз өткелдер статистика бойынша 1 наурыздан бастап жабылады. Себебі көктем кезінде мұзға су сіңе бастайды. Мұз көктемде сыңғыш деп саналады. Күзді мұзды опырылсаа, орын көрініп тұрады. Ал, көктем кезде мұз сынған кезде көрінбейді. Мұз қайта жабылып қалады.

Жалпы Павлодар облысында 7 өткел бар. Қысқы маусым басталғалы құтқарушылармен 2500 жуық рейд жұмыстары жүргізілді. Су қоймаларындағы ахуал дрондармен тексерілді. Соған қарамастан балықшылар өзі мен өзгелердің қауіпке төндіріп, мұзға шығып жатады.

Серік Шериязданов, Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары

Нақты балықтышларға деген нақты орын белгіленбеген. Ондай құжаттар жоқ. Су қоймалары жеке меншік болса балық аулуға болмайды. Нақты орындар белгіленбеген.

Сонымен, былтыр Павлодар облысында мұз астына кету жағдайлары тіркелмеген. Болған күннің өзінде төтеншеліктермен құтқарылған. Осы ретте Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері көктем кезінде мұз үстіне шықпауға, тыйым салынған орындарда балық ауламауға шақырады.

Самал Қалиқызы